oC

Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Назар аударыңыз!

 

2024 жылғы талапкерлер үшін маңызды ақпарат!!!

 

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Аризона университетімен бірлесіп іске асырылатын "Бизнес және Менеджмент" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша іріктеу жүргізілуде.

 

Ағымдағы жылы біздің университетке "Бизнес және Менеджмент"халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша 150 грант бөлінді! Сізде 50 және одан да көп балл жинап, осы халықаралық білім беру бағдарламасына түсуге және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алуға бірегей мүмкіндік бар!

 

Ол үшін сізге не қажет?

- ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаңыз.

- ҰБТ тапсыру үшін келесі пәндерді таңдау - Математика, География, Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық.

- Математика, География және Қазақстан тарихы пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы және Математикалық сауаттылық пәндері бойынша кемінде 3 балл жинау қажет.

МАҢЫЗДЫ!!!

ГРАНТҚА ӨТІНІШ БЕРГЕН КЕЗДЕ 4 ЖОО-НЫҢ БІРІНШІСІН "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті", В046 КОДЫН - ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА, БАНК ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ІСІ (KZ-US) көрсету қажет.

 

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

- жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білім туралы құжат (түпнұсқа);

- жеке куәліктің көшірмесі;

- 3x4 өлшемді 10 фотосурет;

- 075-У нысанындағы медициналық анықтама;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты (әңгімелесу хаттамасы);

- білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);

- егу паспортының көшірмесі (анықтама 063-У нысаны).

 

Грантқа құжаттарды қабылдау кезеңі - 13 шілдеден 20 шілдеге дейін.

 

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады:

8-707-629-6917 Есембекова Динара Темиргалиевна

8-777-608-7784 Шайкин Динмухаммед Нурланович

 

Сізді "Бизнес және Менеджмент" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қатарында көруге қуанышты боламыз.